Қазақ альпинисі әлемнің ең биік 7 жанартауын бағындырған алғашқы қазақстандық атанды

Көркем Алдабергенова 14 қар. 2025 13:05

Қазақстандық альпинист және саяхатшы Ғалымжан Құсжанов әлемнің ең биік 7 жанартауының шыңына ел жалауын тігіп, оларды толық бағындырған алғашқы этникалық қазақ атанды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы 2025 жылдың 12 қарашасында альпинистің өзі мен «7 шың клубының» Instagram-парақшасындағы ортақ жазбада хабарланды.

«Ғалымжан Құсжанов – “7 Жанартау” жобасын аяқтаған әлемдегі 67-ші адам! Ғалымжанды шын жүректен құттықтаймыз! Ол “7 Жанартау” бағдарламасын ресми түрде тәмамдап, құрлықтардағы ең биік жанартаулардың барлығын бағындырған алғашқы этникалық қазақ болды. Соңғы шыңы – Орисаба (5636 м, Мексика) – күрделі ауа райына қарамастан алынған. Шынайы биіктікке табандылық!» – делінген жазбада.

Клуб бұл тарихи жетістікпен қазақстандық альпинисті арнайы құттықтады.

Сонымен қатар, клуб Орисаба шыңынан түсірілген видеоны жариялады.

«Бұл жасанды интеллект емес. Бұл – Мексикадағы Орисаба шыңындағы біздің командамыз», – деп жазылған түсініктемеде.

Ғалымжан Құсжанов соңғы шыңда Қазақстанның мемлекеттік туын көтерді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар