Қазан қаласында KazakhExport-тың өкілдігі ашылды

Dalanews 25 қаз. 2018 05:09 999

Қазақстан мен Ресейдің арасындағы алыс-беріс, барыс-келіс жыл өткен сайын өсіп-ұлғайып келеді.

Күні кеше

Татарстан астанасы Қазан қаласында «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясының өкілдігі ашылды.


Ашылу салтанатына Татарстанның сауда-өндірістік палатасы төрағасының бірінші орынбасары Артур Николаев, Қазақстанның Қазан қаласындағы бас консулы Еркін Тұқымов және татар елінің бизнес өкілдері қатысты.

Айта кетсек осының алдында ғана Қазанға Қазақстан президенті жұмыс сапарымен барып, Татарстан мен Қазақстан арасындағы сауда айналымның көлемін 700 млн-нан 1 млрд долларға дейін өсіру қажеттігін тілге тиек еткен.

Татарстанның өндіріс және сауда вице-министрі Герман Лернер бұл межеге қол жеткізу үшін бірқатар шаралардың қолға алынғанын айтты. 

"Биылғы жылғы 6 айдың өзінде екі елдің арасындағы сауда айналымы 400 млн-ға жетті. Салыстырар болсам, былтырғы жылғы сауда айналымы тұтастай алғанда 700 млн-ның төңірегінде болды",  – деді Лернер. 

«Ресей еліндегі алғашқы өкілдігімізді ашқалы отырмыз. Бұл екі жақты сауда-экономикалық байланыстарды дамыта түсері анық. Осы арқылы жаңа нарықты игергісі келетін экспорттаушыларды сақтандыру тұрғысынан қолдайтын боламыз. Біздің компанияның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторына жан бітіріп, бұл бағыттағы қызмет түрлерін дамыту.

"KazakhExport" тарапынан қазақстандық экспортаушыларға арнап жүзеге асырылған сақтандыру қолдауының көлемі биылғы жылдың 9 айында ғана 100 млн доллардан асып жығылды


», – деді өз кезегінде шараның шымылдығын түрген «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы Руслан Ысқақов.



Оның атап өткеніндей, мұндай кеңселердің көптеп ашылуы кәсіпкер мен банк арасындағы байланысты жақсартуға септеседі. Сонымен қатар Қазақстанда жасалған тауарды тасымалдауға болатын жаңа нарық көзін табуға жол ашады.

Ысқақовтың бұлай деуі бекер емес.

Қазандағы «KazakhExport-тың» өкілдігі тек Татарстанмен ғана шектелмей, онымен іргелес жатқан аймақтарды да қамтымақ. Атап айтқанда, Нижегород облысы, Башқұртстан, Орынбор, Орскі, Самара, Саратов өңірлері осы өкілдіктің қызметін пайдалану мүмкіндігіне ие болады.

Қазіргі күні Қазақстан ресейлік нарыққа негізінен дәрі-дәрмек, шәй-пәй, азық-түлік өнімдері, медициналық техника, трасформаторлы және кабельді құрылғылар, өнеркәсіптік өнімдер тасымалайды.


Сарапшылар пікірінше, Қазақстандағы машина құрылысы, ауыл шарушылығы, химия және тағам өндірінің экспорттық әлеуеті зор.

Ал Руслан Ысқақовтың айтуынша компанияның Қазан қаласындағы өкілдігі алғашқы уақытта қазақстандық кәсіпкерлермен жұмыс істеуге ниетті сатып алушылар үшін ақпараттық-насихаттық жұмыстармен айналысатын болады.

Тек келер жылдан бастап өкілдікке бизнес-әріптестердің санын арттыру, екіжақты келісімге қол жеткізу бағытында нақты талаптар қойылады.

"Қазандағы өкілдікпен шектеліп қалмаймыз. Болашақта «KazakhExport-тың» жалпы саны 11 өкілдігін ашу ойымызда бар. Бұлардың төртеуі Ресейде, оның ішінде Сібірде (Жаңасібір), Уральскіде (Екатеринбургу) және Мәскеуде ашылатын болады. Сонымен қатар Қапқазда, Белоруссия, Орта Азия елдерінде және Қытай жерінде өз өкілдігімізді ашуды жоспарлап отырмыз. Айтпақшы жыл аяғына дейін Ресейде «KazakhExport-тың» тағы бір өкілдігі ашылатын болады", – деді Руслан Ысқақов. 

 

Dalanews.kz анықтамасы: 


Картинки по запросу KazakhExport экспорт

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ – «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы.


KazakhExport экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің экспортының өсуіне қолдау көрсетумен және қазақстандық кәсіпорындарға қаржы-сақтандыру және қаржылай емес қолдау практикасын қалыптастырумен айналысады.

 

Фото: KazakhExport

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар