Қайырымдылық қорлары туралы заңға өзгерістер енгізілгелі жатқаны рас па - вице-министр жауабы

Кәмшат Тілеухан 24 шіл. 2025 14:48

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов қайырымдылық қорлары өзінің  жұмысы, халықтан жиналған қаражаттың жұмсалуы туралы БАҚ-қа есеп беруге міндеттелетінін айтты. Оның айтуынша, "Коммерациялық емес ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы" заңға енгізілетін өзгерістер мен түзетулер биылғы жылдың бойында талқыланып, оның жобасы Парламентке 2026 жылдың басында ұсынылып қалады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Үкіметтегі баспасөз мәслихатында осы бағытта министрлік жанынан жұмыс тобын құрылғанын және заңға енгізілетін жаңа түзетулер мен өзгерістер жобасы дайындалып жатқанын айтты.

"Ал өзгерістер жағына келсек, ең біріншіден, бұл арада коммерциялық емес ұйымның не екенін және үкіметтік емес ұйымның не екенін анықталып алу керек болады. Одан соң олардың немен шұғылданатынын және не үшін лицензиялануы керектігін де айқын көрсетіміз қажет. Екіншіден, осы ұйымдарды басқаратын азаматтардың жауапкершілігі, қоғамға есеп беруі, түсетін кірістер мен шығыстардың ашықтығы бойынша талаптарды айқындау қажет. Бұл ретте біз тіркеуге тиіс базалық санаттар осылар болып табылады", - деп атап өтті Қанат Ысқақов.

Оның айтуынша, аталған өзгеріске Перизат Қайрат оқиғасы емес, әлеуметтік құрылымдағы өзгерістер, қайырымдылық пен көмекке деген сұраныстың артуы түрткі болған. 

Айта кетсек, бүгіндері су тасқынынан зардап шеккендерге деп жиналған қаражатты жеке мақсатына жұмсады деп айыпталушы волонтер Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты іс бойынша сот өтіп жатыр. 47 адамнан тұратын жәбірленушілер тобы алаяқтықпен жымқырылған қаражатты қайтаруды талап етуде. Айыптау тарапының дерегінше, бұл қаржы реабилитациялық орталық құрылысына, Палестина халқына және су тасқынынан зардап шеккендерге көмек тұрғысында жиналғанымен, шын мәнінде, күдіктілердің сән-салтанатқа толы өміріне жұмсалған

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар