Қамшыбек Тәшиев Қырғызстаннан кетіп қалды

Көркем Алдабергенова 17 ақп. 2026 12:25

Қырғызстан ҰҚМК-нің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиев елден ұшып кеткені хабарланды. Бұл ақпаратты «Өңір» телеарнасының директоры Откурбек Рахманов мәлімдеген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, Тәшиев Қырғызстаннан уақытша кеткен. Бұған дейін осы мазмұндағы мәлімет 24.kg сайтында да жарияланған. Таратылған видеоматериалда сапардың мақсаты мен шетелде қанша уақыт болатыны нақтыланбаған.

Қазіргі таңда оның елден кетуіне байланысты мемлекеттік органдар тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.

Айта кетейік, 10 ақпанда Қырғызстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Тәшиев қызметінен босатылды.

Бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қырғызстан МҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Ташиевтің қызметтен кетуіне тағы да түсініктеме берді. Президенттің айтуынша, олар достық қарым-қатынасты сақтап қалғанымен, Қамшыбек Ташиев мемлекеттік қызметке қайта оралмайды. 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove