Садыр Жапаровтың сөзінше, Қамшыбек Ташиев қызметінен кеткеннен кейін екеуара жеке кездесу өткен.
"Дос болып қала береміз. Бірақ ол мемлекеттік қызметке қайта оралмайды. Оған демалып, денсаулығымен айналысу қажет", - деді Қырғызстан президенті.
Сонымен қатар, Садыр Жапаров кадрлық шешімдерді өзі қабылдағанын және олардың қандай да бір келісімдермен, сыртқы қысыммен байланысты емес екенін жеткізді.
Қырғызстанда кадрлық өзгеріс жүріп жатыр
Қырғызстанда кадрлық ауыс-түйіс жалғасып жатыр. Әбсаттар Сырғабаев көлік және коммуникациялар министрі қызметінен босатылды.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары оны Қамшыбек Ташиевтің "өкіл баласы" деп атап жүр.
Айта кетейік, 10 ақпанда Қырғызстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Тәшиев қызметінен босатылды.
