"Қамалған Ыстамбұл мэрі, президенттікке кандидат, Таркан". Түркияда не болып жатыр

Кәмшат Тілеухан 24 нау. 2025 12:47 1058

Түркияның 15 миллионға жуық азаматы қамауға алынған Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлуды ел президенттігіне кандидат ретінде ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы Түркияның оппозициялық Халық-республикалық партиясының төрағасы Өзгүр Өзел Ыстамбұлда сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды NTV.

Сондай-ақ ол Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы шешім қабылдауға және оларға Имамоғлумен сайлауда күресуге шақырды.

"23 наурызда еліміздің болашақ президенті Экрем Имамоғлуға партиямыздың 1,653 млн мүшесі дауыс берді. Бұл - қазіргі төңкеріс әрекетіне ең күшті жауап. Сондай-ақ азаматтарға бізге келіп, дауыс беру үшін ынтымақтастық жәшіктерін ұсындық. Нәтижесінде болашақ президент Экрем үшін 13,21 миллион дауыс алдық. Оған барлығы 14,85 миллионнан астам адам дауыс берді", - деді ХРП басшысы.
Өзел сауалнама нәтижелері Ердоғанның заңды сайланғанына күмән келтіріп, мерзімінен бұрын сайлау өткізу қажет екенін танытуда. 
 
Түріктің танымал эстрада әншісі Таркан отанында болып жатқан оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ол наразылық акциясына шығушылардың талабын қолдады.
"Барлық әділетсіздіктер, заңсыз сот процестері және заңды процедураға сай келмейтін әрекеттер адамдардың бүгіндері демонстрацияға шығуға мәжбүр етіп отыр. Демократияны жақтаушылардың көп болуы мені қуантады. Біздің адамдар әділетсіздікке қарсы тұрып, тұтаса саяси өмірге белсене араласып жатуы менде бір жағынан мақтаныш, тағы бір жағынан уайым сезімін оятты. Біз әділетті және еркін болашақ үшін абсолютті тәуелсіздікке, заң үстемдігіне деген сенімімізді жоғалтпай біріге алатынымызды көргеннің өзі бір ғанибет", - деп жазды әнші Х әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін сайтымызда "Төңкеріс бола жаздады". Қор нарығы құлдырап, Түркия дүрбелеңге бой ұруда" деген мақала жарияланған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар