Қайта тағайындалған Бектенов 5% экономикалық өсімді уәде етті

Қайта тағайындалған Бектенов 5% экономикалық өсімді уәде етті
primeminister.kz

Премьер-министр қызметінде қалған Олжас Бектенов жыл соңына қарай Қазақстан экономикасының өсімі кемінде 5 пайыз деңгейінде болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ол бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен жиында айтты.

– Құрметті Президент мырза, жыл қорытындысы бойынша біз экономиканың кемінде 5 пайыздық өсімін қамтамасыз етеміз. Осыған байланысты инфляция деңгейін төмендетіп, халықтың табысын арттыру үшін жұмыспен қамтуды белсенді түрде ынталандыратын боламыз, – деді Олжас Бектенов.

Премьер-министрдің айтуынша, Үкімет алдағы уақытта экономикалық өсімді сақтауға, инфляцияны тежеуге және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған шараларды жалғастырады.

Бектенов сондай-ақ халықтың кірісін арттырудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде тұрақты жұмыспен қамту мен жаңа жұмыс орындарын құруға басымдық берілетінін атап өтті.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды.