Премьер-министр Олжас Бектенов газ саласын дамытуға арналған Үкімет отырысында саладағы өзекті мәселелерге баса назар аударды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның айтуынша, мемлекеттік органдар мен компаниялар тек жетістіктерді емес, проблемаларды да ашық айтып, оларды талқылауға ұсынуы тиіс.
“Жұмыстарыңызда ешқандай проблемалық мәселелер жоқ па? Жұмыстың тек оң нәтижелерін ғана көрсеттіңіз. Біз проблемалық мәселелер туралы көбірек айтуымыз керек, оларды жарыққа шығарып, талқылауымыз қажет”, — деді Премьер-министр.
Отырыс барысында “QazaqGaz” ҰК” АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Қашаған газ өңдеу зауытындағы жағдайға тоқталды. Оның айтуынша, құрылыс жұмыстарының баяу жүруі салдарынан белгілі бір қиындықтар туындаған. Алайда жаңа бас мердігердің келуімен бұл мәселелер толық шешімін тапқан.
“Қазір құрылыс кеңейтілді. Жоспарға сай жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды көздеп отырмыз”, — деп атап өтті Жаркешов.
Отырыс нәтижесінде Үкімет газ саласындағы проблемаларды жасырмай, оларды ашық түрде шешу қажеттігін тағы бір мәрте еске салды.