Президенттің экс-көмекшісі "Самұрық-Қазынаның" директорлар кеңесі құрамынан да шығарылды

Кәмшат Тілеухан 29 қыр. 2025 12:06

Күні кеше ҚР президентінің көмекшісі лауазымынан босатылған Қанат Шарлапаев "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ директорлар кеңесі құрамынан да шығып қалды. Бұл туралы ұлттық әл-ауқат қоры KASE-ні хабардар етті, деп хабарлайды Dalanews.kz

Ұсынылған дерекке сәйкес, Қанат Шарлапаевты "СамұрықҚазына" қорының директорлар кеңесі құрамынан шығару туралы шешім Мемлекет басшысының оны қызметтен босату туралы Жарлыққа қол қойған күні - 25 қыркүйекте қабылданған.

Мемлекет басшысының экономикалық мәселелер жөніндегі бұрынғы көмекшісі қор кеңесіне алты ай бұрын, яғни 2025 жылдың сәуірінде келіп қосылған. Қазір Олжас Бектенов бастаған директорлар кеңесі алты адамнан тұрады.

Айта кетсек, Қанат Шарлапаев ақпан айында тағайындалған Мемлекет басшысының экономикалық мәселелер жөніндегі көмекші қызметінен босатылған болатын. Сондай-ақ ол 2023 жылдан 2025 жылдың басына дейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі болды. Бұған дейін Шарлапаев "Бәйтерек" холдингін де басқарған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар