Перизат Қайрат ісі аясында тәркіленген құны 79 млн теңгеден асатын Lexus LX600 автокөлігі Қаржылық мониторинг агенттігінің балансына берілді, деп хабарлайды Dala News.
Қара түсті көлік бұған дейін айыпталушының анасының ағасының атына рәсімделген. Тергеу дерегінше, олар қайырымдылық ретінде жиналған қаражатты жымқыру және жылыстату ісі бойынша сотталған.
Енді автокөлік мемлекеттік органның қызметтік қажеттіліктері үшін пайдаланылатын болады.
Ал басқа тәркіленген активтердің тағдыры әзірге шешілген жоқ.
