Павлодар облысында ағаштан мысықты түсірмек болған ер адам қаза тапты

Көркем Алдабергенова 06 сәу. 2026 15:06

Павлодар облысында ағашқа шығып кеткен мысықты түсірмек болған ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, «Орталық өнеркәсіп аймағында ағаштан мысықты түсірмек болып құлаған ер адам қайтыс болды».

Қаза тапқан азаматтың жасы 50-де еді.

Дәрігерлер оны түрлі сүйек сыну жарақаттарымен және травматикалық шок күйінде Павлодар қаласындағы №1 қалалық ауруханаға жеткізген. Алайда ол ауруханада көз жұмды.

Алдын ала дерек бойынша, ер адам шамамен алты метр биіктіктен құлаған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove