2026 жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында әуежайдың ұшу-қону жолағында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Dala News.
Жөндеу жұмыстары күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін өтеді. Осы уақытқа сәйкес келетін барлық рейстер алдын ала қайта жоспарланып, ертерек немесе кешірек уақыттарға ауыстырылған.
Жолаушыларға сапарларын жоспарлау кезінде рейс уақытына қатысты ақпаратты алдын ала нақтылап алу ұсынылады.
Әуежай терминалы мен барлық қызмет көрсету аймақтары қалыпты режимде жұмыс істейді.
Кептелістің алдын алу үшін жолаушыларға әуежайға алдын ала келу ұсынылады:
– ішкі рейстер үшін кемінде 2 сағат бұрын
– халықаралық рейстер үшін кемінде 3 сағат бұрын
Жөндеу жұмыстары ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.
