Түркияның Стамбул қаласында Қазақстан азаматы Ариф Исмаилов атып өлтірілді, деп хабарлайды Dala News Haberler басылымына сілтеме жасап.
Оқиға Фатих ауданындағы Балабанага кварталында болған. Мәліметке сәйкес, белгісіз адам ер адамға жақындап, басынан атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазақстандық алған жарақатынан сол жерде көз жұмған.
Қылмыс сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Кейін полиция күдіктілерді ұстау бойынша жедел шаралар жүргізген. Нәтижесінде елден кетпек болған екі адам Түркияның Эдирне провинциясында, шекара маңында қолға түскен. Олар Грузия азаматтары екені анықталған.
Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне ресми түсініктеме алу үшін сауал жолданды.
