Соңғы оқиғалар жалған ақпарат туралы 274-бапты декриминализациялау мәселесін қайта көтерді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің айтуынша, қоғамдағы соңғы жағдайлар бұл тақырыптың өзектілігін арттырған.
«Соңғы уақыттағы оқиғалар бұл мәселені қайта күн тәртібіне шығарып отыр, оған қайта оралу керек», – деді ол Үкімет кулуарында.
Еске салайық, ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы «көрінеу жалған ақпарат тарату» үшін айыппұлдан бастап 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Депутаттың пікірінше, егер журналист ақпаратты тікелей эфирде басқа тұлғалардың сөзінен таратса, онда жауапкершілік сол ақпаратты айтқан адамдарға жүктелуі тиіс.
Сонымен қатар, ол журналистер ақпарат көздерін тексеру міндетінен босатылмайтынын атап өтті.
