АҚШ-тың Флорида штатының оңтүстігінде орман өрті үйлерге жақындап келеді

АҚШ-тың Флорида штатының оңтүстігінде орман өрті үйлерге жақындап келеді
видео кадры

АҚШ-тың Флорида штатының оңтүстігінде ірі орман өрті тіркелді, деп хабарлайды dalanews.kz.

NBC таратқан ақпаратқа сәйкес, табиғи апат әлі толық бақылауға алынбаған.

Тілсіз жау 20 мың шаршы шақырымнан астам аумақты шарпыған.

Әзірге тұрғындарды эвакуациялау немесе зардап шеккендер туралы мәлімет жарияланған жоқ.

Қазір өрттің одан әрі таралуына жол бермеу және ошақтарды оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр.