Нәлібаев Склярдың үкіметтегі қызметіне тағайындалды

Нәлібаев Склярдың үкіметтегі қызметіне тағайындалды
Қызылорда облысы әкімдігінен

Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мәжіліс Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне Нұрлыбек Нәлібаевтың кандидатурасына келісім берді 

Бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың кандидатурасы келісілді.  

Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.

Артынша Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.