Алматыда өткен регби-15-тен Asia Rugby Emirates Women’s Championship турнирінде Қазақстан әйелдер құрамасы күміс жүлдеге ие болды. Жерлестеріміз Гонконг құрамасымен шеберлік байқасты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Тартысты өткен матчта екі команда да жеңіс үшін бар күшін салды. Кездесу 26:26 есебімен тең аяқталғанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.
Ал алтын жүлдені Жапония құрамасы мерзімінен бұрын жеңді. Күншығыс елінің өкілдері Қазақстан командасын 64:12 есебімен, ал Гонконг құрамасын 72:12 есебімен жеңген болатын.
Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы өз жерімізде өткен Азия чемпионатында жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, құрлықтағы үздік командалардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жетістік еліміздегі әйелдер регбиі қарқынды дамып келе жатқанын аңғартады.