Қазақстан Үкіметі биыл отставкаға кетеді. Себебі жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін жаңадан сайланатын Құрылтай алдында Үкімет өз өкілеттігін тоқтатады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтылды.
15 наурызда республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Ал жаңа Құрылтай сайлауы тамыз айына жоспарланып отыр. Қазіргі Парламенттің орнына жаңа Құрылтай жұмыс істейді.
Айта кетейік, депутаттар бүгін алғашқы оқылымда Президент туралы конституциялық заң жобасын қарап, мақұлдады. Құжатта вице-президенттің өкілеттігі де бекітілген.
Жаңа Конституцияға сәйкес Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатады.