Павел Дуров Астанадағы форумда төбе көрсетті

Сағыныш Сардарова 02 қаз. 2025 12:01

Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Спикерлердің қатарында Telegram негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Павел Дуров бар.

Одан бөлек Sinovation Ventures және 01ai бас директоры Ли Кай Фу, Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері, Google сарапшысы Питер Норвиг, G42 International компаниясының бас директоры Мансур Ибрагим Әл Мансури, Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаев және high-tech индустриясының басқа да өкілдері қатысып отыр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев форумның пленарлық отырысында сөз сөйледі.

Еске салайық, бұған дейін Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға келетіні хабарланды. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар