Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға келеді

Көркем Алдабергенова 17 қыр. 2025 11:47

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Digital Bridge 2025 аясында Қазақстанға сапарлайтынын Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев Instagram-парақшасында хабарлады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Іс-шара 2 қазанда Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтеді.

Пленарлық отырысқа әлемдік технология саласының өзге де жетекші сарапшылары қатыспақ:

Омар Сұлтан Әл-Олама – БАӘ-нің жасанды интеллект, цифрлық экономика және қашықтан жұмыс істеу жөніндегі мемлекеттік министрі;

Илья Стребулаев – Стэнфорд университетінің профессоры;

Кай-Фу Ли – Sinovation Ventures компаниясының негізін қалаушы және бас директоры;

Питер Норвиг – Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері, Google компаниясының зерттеу жөніндегі директоры.

Пленарлық сессияның модераторы – Solana Foundation президенті Лили Лю.

Сондай-ақ 2 қазанда Қазақстандағы үздік AI-жобалардың ұлттық питч-сессиясы – Generative Nation Pitch өтеді. Оның финалистері өздерінің әзірлемелерін халықаралық сарапшыларға, инвесторларға және мемлекеттік органдар өкілдеріне таныстырады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар