Freedom Inside '26

Павел Дуров Астанадағы форумда сөзін әйел іздеу туралы әзілмен бастады

Павел Дуров Астанадағы форумда сөзін әйел іздеу туралы әзілмен бастады
Ақорда

Астанада Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумы басталды. Спикерлердің қатарында Telegram негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Павел Дуров бар, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Павел Дуров форумдағы сөзін былай деп бастады:

"Қазақстанға, ең сүйікті елдерімнің біріне қайта оралғаныма қуаныштымын. Бұл – ерекше жер. Мұнда технология, дәстүр, білім және отбасы құндылықтары тоғысады. АҚШ-тағы өте табысты достарымның бірі маған Қазақстаннан жар табуым керек екенін айтқан еді. Өкінішке қарай, бұл мақсатпен келген жоқпын. Мен мұнда жасанды интеллект туралы сөйлеу үшін келдім", – деді Telegram негізін қалаушы.

Еске салайық, бұған дейін Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға келетіні хабарланды.