Парсы шығанағындағы шиелініс: алты елдің басшылығы мәлімдеме жасады

Қаракөз Амантай 02 нау. 2026 09:41

Қатар, Сауд Арабиясы, БАӘ, Кувейт, Оман және Бахрейннің сыртқы істер министрлері Иран тарапынан жасалған соққыларға жауап беретіндерін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бірлескен отырыс қорытындысы бойынша жарияланған мәлімдемеде Парсы шығанағы елдері өз қауіпсіздігі мен тұрақтылығын, сондай-ақ аумағын, азаматтары мен тұрақты тұрғындарын қорғау үшін барлық қажет шараны қабылдайтыны айтылған. Құжатта қажет болған жағдайда агрессияға жауап қайтару мүмкіндігі де қарастырылатыны аталып өткен.

Министрлер өз елдерінің халықаралық құқыққа сәйкес "жауап беру және өзін-өзі қорғау жөніндегі заңды құқығын" сақтайтынын жеткізді. Сонымен қатар олар Иранға шабуылдарды дереу тоқтатуға шақырды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove