Өзбекстандық желі қолданушысының Бибісара Асаубаеваға қатысты жазбасы қызу талқыға түсті

Қаракөз Амантай 10 сәу. 2026 13:04

Әлеуметтік желіде өзбекстандық Facebook қолданушысы Абрар Зохидовтың қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева мен өзбекстандық шахматшы Жавохир Синдоровқа қатысты жазбасы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол шахматшылардың бірге түскен суретін жариялап, жазбасын жеңіл әзілмен өрбіткен.

“Өзбек қыздары, осындай жігітті уыстарынан шығарып алды ма деп қаласың”, - деп жазған ол.

Сонымен қатар жазба авторы Бибісара Асаубаеваның жетістігін де атап өткен.

“Ол блиц шахматы бойынша үш дүркін әлем чемпионы, әрі ең жас әйел чемпион ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген”, – деп жазған автор.

Сондай-ақ ол Жавохир Синдоровтың да қарымды шахматшы екенін айтып, Бибісараның да осал емес екенін жеткізген.

Желі қолданушылары бұл жазбаға әртүрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі мұны қалжың ретінде қабылдаса, енді бірі мұндай жеке сипаттағы пікірлерді орынсыз екенін алға тартқан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove