Отбасы банк Қазақстан қор биржасына (KASE) әрқайсысы 50 млрд теңгеден екі рет облигация шығаруды жоспарлап отыр. Қаражат "Наурыз" тұрғын үй бағдарламасы бойынша несиелеуге бағытталмақ, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Облигацияларды 2025 жылғы 13 тамызда орналастыру жоспарланып отыр, бұл туралы эмитент атынан сатушы ретінде әрекет ететін Alatau City Invest андеррайтері хабарлады.
Әр шығарылымдағы облигацияның номиналдық құны – 1 000 теңге, купондық мөлшерлеме – 18%, төлемдер жылына екі рет жүргізіледі, ал айналым мерзімі – бес жыл.
Бұған дейін сайтымызда Отбасы банк салымшыларының депозиттері енді есептен шығаруға және бұғаттауға жатпайтынын жазғанбыз. Биылғы жылғы "Наурыз" бағдарламасы бойынша алғашқы қолжетімді несиені Батыс Қазақстан облысының 26 жастағы тұрғыны Бексұлтан Қазиуллинге рәсімделгені де хабарланған.