Air Astana-дан 1 млрд теңгеден астам қаржы жымқыру ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

Air Astana-дан 1 млрд теңгеден астам қаржы жымқыру ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
ЖИ: dalanews

Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Air Astana АҚ-дан 1 млрд теңгеден астам қаражат жымқыру және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру ісі бойынша бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сот шешімімен қылмыстық схеманы ұйымдастырды деп танылған азамат тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Ал іс бойынша тағы екі айыпталушы сегіз жыл алты айға сотталды.

Сондай-ақ сотталғандардың барлығының мүлкі тәркіленіп, оларға бес жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық және материалдық жауапкершілігі бар қызметтерді атқаруға тыйым салынды.