ОСК сайлаудың қорытындысы мен Мәжілістегі депуттатық мандаттың қалай бөлінетінін жария етті

Dalanews 12 қаң. 2021 06:30 1332

ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауының қорытындысын шығарып, саяси партияларға сайлаушылардың берген дауыстарын жариялады.

Сонымен Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімдеріне 11 919 241 азамат енгізілген.

Берілген бюллетеньдер – 7 539 280. Белгілі болғандай, саяси партияларға берілген дауыс саны 7 241 562-ге жетті.

Соның ішінде Қазақстан Халық партиясына 659 019 (9,10 пайыз), «Nur Otan» партиясы – 5 148 074 (71,09%), «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 383 023 (5,29 пайыз), Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 792 828 (10,95 пайыз), «ADAL» саяси партиясы 258 618 (3,57 пайыз) дауыс жинады.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы сайлау нәтижесінде үш саяси партияның ие болған депутаттық мандат санын жария етті. ОСК жариялаған сайлау қорытындысы бойынша Мәжілістегі депутаттық манданттар былай бөлінді: «Nur Otan» партиясы – 76 мандат, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –12 мандат, Қазақстан Халық партиясына – 10 мандат.


Еске салайық, сайлауда Қазақстан Халық партиясы 9,10 пайыз, «Nur Otan» партиясы – 71,09 пайыз, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 5,29 пайыз, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,95 пайыз, «ADAL» саяси партиясы 3,57 пайыз дауыс жинаған еді. Кеше ҚР Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстардың алдын ала қорытындысын жария еткен болатын.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар