"Өрмекші адам" қазақстандық блогерге алғыс айтты

Сағыныш Сардарова 19 нау. 2026 16:59

Голливуд жұлдызы Том Холланд танымал видеограф, блогер Дастан Мұхамедрахымға алғыс айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл видео Дастан Мұхамедрахымның Instagram парақшасында жарияланды.

"Бұл - Том Холланд. Біріншіден, қолдағаның үшін рақмет! Жасап жатқан керемет дүниелерің үшін де рақмет. Шынымен барлығын бағалаймын. "Өрмекші адам" трейлерінің бір бөлігі болғаныңа рақмет!" - деді видеода ол.

Айта кетейік, жаңа "Өрмекші адам" трейлері өзгеше форматта көпшілікке ұсынылды. Бұл идеяны актер Том Холланд ұсынған.

Трейлер бірнеше бөлікке бөлініп, әр қатысушы эксклюзив үзіндіні жариялап, эстафетаны келесі адамға жолдайды.

Жобаға қазақстандық видеограф әрі блогер Дастан Мұхамедрахым да қатысып, жаһандық премьераның бір бөлігін көрсетуге мүмкіндік алған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove