АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы әйгілі Бруклин көпірінде тосын оқиға болды. New York Post басылымының хабарлауынша, 44 жастағы ер адам көпір мұнараларының біріне көтеріліп, бірнеше мемлекеттің туын іліп қойған. Сол тулардың арасында Қазақстанның мемлекеттік туы да болған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ер адамды төмен түсуге көндіруге әрекеттенген. Алайда ол кенеттен үстіндегі киімін шешіп, өзенге секіріп кеткен.
Құтқарушылар ер адамды судан аман алып шығып, ауруханаға жеткізген. Дәрігерлердің мәліметінше, оның жағдайы тұрақты.
Басылымның жазуынша, ер адамның жанынан жеке басын куәландыратын ешқандай құжат табылмаған.