NASA Crew-11 миссиясының экипажын ХҒС-тен мерзімінен бұрын Жерге қайтарады

Көркем Алдабергенова 09 қаң. 2026 09:03

NASA алдағы күндері Халықаралық ғарыш станциясынан Crew-11 миссиясының экипажын мерзімінен бұрын Жерге қайтару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл шешім экипаж мүшелерінің бірінің денсаулық жағдайына байланысты қабылданғанын ведомство басшысы Джаред Айзекман баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

NASA мәліметінше, сәрсенбі күні түстен кейін аты-жөні жарияланбаған астронавттың орбиталық кешен бортында денсаулығына қатысты мәселелер туындаған. Crew-11 миссиясы станцияға өткен жылдың 2 тамызында SpaceX компаниясының Crew Dragon кемесімен келген.

Еске салайық, бұған дейін NASA Марстағы ғарыш аппаратымен байланыссыз қалғаны хабарланған болатын. 

Марс айналымында он жылдан бері жұмыс істеп тұрған Maven зондымен байланыс өткен демалыс күндері кенеттен үзілген.

Агенттіктің хабарлауынша, аппарат Жердегі станциялармен тұрақты байланыста болған. Алайда Maven Қызыл ғаламшардың ар жағында қалып, қайта пайда болған сәтте байланыс мүлдем жоғалып кеткен.

Қазіргі уақытта NASA мамандары оқиғаның себептерін анықтауға кіріскен. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар