NASA Марс орбитасында он жылдан астам уақыт жүрген ғарыш аппаратымен байланысын жоғалтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Марс айналымында он жылдан бері жұмыс істеп тұрған Maven зондымен байланыс өткен демалыс күндері кенеттен үзілген.
Агенттіктің хабарлауынша, аппарат Жердегі станциялармен тұрақты байланыста болған. Алайда Maven Қызыл ғаламшардың ар жағында қалып, қайта пайда болған сәтте байланыс мүлдем жоғалып кеткен.
Қазіргі уақытта NASA мамандары оқиғаның себептерін анықтауға кірісті.
