Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) кредиттік портфелі 2024 жылғы қарашада бір айда 2,5%-ға, ал жыл басынан бері 21,9%-ға ұлғайып, 1,5 трлн теңгеден сәл асты. Оның 84 пайызын жеке тұлғалар, яғни қарапайым ел азаматтары алған, деп жазады Dalanews.kz Finprom сарапшыларына сілтеме жасап.
Мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттер көлемі бір айда 7,4% ға, 287,3 млрд теңгеге дейін (немесе кредиттік портфельдің 18,9% - ы) қысқарды, бұл ретте жыл басынан бері ол бірден 31% өсімді көрсетті.
Мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын микрокредиттер көлемі 107,4 млрд теңгені құрап, бір айда 16%-ға азайды, бұл ретте жыл басынан бері бірден 39,9% өсім байқалады.
"Проблемалық" микрокредиттердің үлесі 2024 жылғы қазан айындағы 8,6%-дан қарашада 7,1%-ға дейін төмендеді. Алайда, 2023 жылдың желтоқсанында мұндай "нашар" қарыздардың үлес салмағы тек 6,2%-ды құрағанын атап өткен жөн.
МҚҰ негізінен жеке тұлғаларға несие береді. Мәселен, халыққа берілген микрокредиттердің көлемі 2024 жылдың қараша айының соңында 1,3 трлн теңгені құрады, ал бұл бір ай бұрынғы цифрға қарағанда 2,7%-ға артық.
Жеке кәсіпкерлерге берілген шағын несиелер көлемі 188,8 млрд теңгені құрады, бір айдағы өсім - 2%. Заңды тұлғаларға берілген микрокредиттердің көлемі, өз кезегінде, тек 42,3 млрд теңгені құрады: бір ай бұрынғыға қарағанда 3,2%-ға аз.
Еліміздегі МҚҰ кредиттік портфелінің құрылымында мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын микрокредиттердің ең көп үлесі жеке тұлғаларға тиесілі: 7,7%, бір ай бұрынғыға қарағанда (9,6%) әлдеқайда аз болғанымен, бірақ жыл басымен (6,6%) салыстырғанда әлдеқайда көп.
Бұл ретте 2024 жылдың қыркүйегінде жеке тұлғаларға берілген осындай "проблемалық" микрокредиттердің үлесі бірден 10,3%-ға жетті. Заңды тұлғаларға 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар микрокредиттердің үлесі 5%-ды құрайды, ал жеке кәсіпкерлер ең жауаптысы болып отыр. Олар сегменттегі барлық портфельдің тек 4%-ын қамтиды.
Бұған дейін Қазақстанның банк секторында проблемалық заемдар көбейгенің, ал халық ақша сақтағанда теңгеден гөрі (сыйақы мөлшерлемесі тартымды болғанына қарамастан) шетел валютасына басымдық бере бастағанын жазған болатынбыз. Бұл ретте Halyk Finance сараптама орталығының жариялаған зерттеуінен деректер келтірілген.