Адуынды ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов жансақтау бөліміне түскен, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл туралы Мұхтар Шаханов қорының төрағасы Нұржігіт Ысқақ мәлімдеді.
"Халқымыздың қаһарман ақыны әрі жазушысы, ұлт үшін жанын аямай, тер төккен азамат Мұхтар Шахановты білмейтін қазақ кем де, кем! Тек қазақ емес, бүкіл түркі әлемін де мойындатқаны өтірік емес.
Қазір көкеміз 84 жасқа келді. Бірақ денсаулығы сыр беріп, жансақтау бөлімінде жатыр. Ендеше, құрметті халайық! Көкеміздің тез сауығып, ортамызға оралуы үшін дұға жасап қояйық!" - деді ол.
Қалың жұртшылық ақынның аяққа тұрып кетуіне тілектестік білдірген: "Ел үшін еңіреп еңбек етіп, терін төккен Шаханов көкеміз тезірек жазылып, отбасына оралуын Жаратушыдан тілеймін!", "Тезірек сауығып кетсін".
Айта кетейік, Мұхтар Шаханов - ақын, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері (2022 ж.), Қазақстанның Халық жазушысы (1996 ж.), Қырғыз Республикасының Халық ақыны (1994 ж.).
