Кәсіпкер, Орталық Азия франчайзинг қауымдастығының төрайымы Гүлбану Майғарина Қырғызстаннан еңсесі түсіп қайтқанын айтады. Өйткені олардың жобалары сырт инвесторларға түк қызық болмаған. Сондықтан ол 2026 жылға қатысты Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан сынды үш елдегі салықтық жүктемені салыстыра отырып, талдау жасайды. Сөйтіп дабыл қағады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан сынды үш елдегі салықтық жүктемені салыстыра отырып, талдау жасадым. Одан шығатын қорытынды мынандай:Қырғызстан мен Өзбекстан бизнесті арзандатып, инвесторға сенімділік берсе, ал Қазақстанда жанама салықтарды арттырып, ШОБ үшін жоғары мөлшерлемелер бектіледі. Мұндайда капиталистер үшін таңдау айқын. Біз инвесторлар үшін тиімсіз боламыз!!!!!", деп жазады Facebook-тегі парақшасында кәсіпкер.
Оны айқындай түсу үшін ол цифрларды да "сөйлеткен":
Қазақстан (01.01.2026 бастап):
- ҚҚС: 16% (12% болған); тіркеу шегі — 10 000 АЕК (~39,32 млн ₸).
- КТС: 20% (25% — банктер және ойын бизнесі; әлеуметтік сала: 2026 жылы 5%, 2027 жылдан бастап 10%; АӨК — тиімді 3%).
- ЖТС: прогрессия 10% / 15%; базалық шегерім 30 АЕК.
- Арнайы салық режимі: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар: 0% ЖТС + әлеуметтік жарналар табысынан 4% (айына 300 АЕК дейін).
- Оңтайландырылған салық жүйесі: айналымнан 4% (лимит жылына 600 000 АЕК дейін), жергілікті билік бұл мөлшерді 50%-ға дейін төмендете алады.
- Сән-салтанат салығы: мүлік >450 млн теңге - 2% асқан жағдайда (кем дегенде 2 946 600 млн теңге).
Қырғызстан (2025 жылғы 4-5 тамыздағы жарлық):
- Рақымшылық: 01.01.2022 жылға дейін салық берешектерін есептен шығару; осы кезеңдегі тексерулерге мораторий (бірқатар ерекшеліктер) жариялау.
- Мүлік салығы (авто): жойылған.
- Ауыл шаруашылығы жер телімдеріне арналған жер салығы: нөлдік мөлшерлеме мерзімі ұзартылды.
- Бірыңғай салық:
- Сауда-саттық - кірістен 0,5% (кіріс шегі 50 млн сомаға дейін көтерілді).
- Зергерлік бұйымдарды өндіру / сату - 0,25%
- "Заңдастырылған субъектілер" үшін сату салығы - 4%.
- 0,1% және 1% сыйақы мөлшерлемелері жойылды.
Өзбекстан (01.01.2026 жылдан бастап):
- ЖК және өзін-өзі жұмыспен қамтушылар 1 млрд айналым сомасына дейін - айналымнан 1% салық.
Неліктен Қазақстан қазір инвесторлар үшін тиімсіз?
"Салық пайызы өте жоғары. Шағын және орта бизнесті масштабтау кезінде Қазақстан 16% ҚҚС-қа тез "түседі" және айналымнан 4% төлейді, тіпті, жеңілдікке ілініп, 2% төлегеннің өзінде бұл көршілерден 2-4 есе қымбат. Бөлшек сауда және тамақтану саласы бәсекелестік жағынан баға артықшылығын жоғалтады. 16% ҚҚС B2C ортасында бағаға қысымды күшейтеді, аймақтық бәсекелестік жағдайында бұл айналым мен маржаға тікелей соққы болып тиеді. Көршілердегі рақымшылықтар, мораторийлер және аса қарапайым ставкалары аясында Қазақстан фискалдық жүктемесі жоғары және инвесторларды "ынталандырудың" аз жиынтығына ие юрисдикцияға ұқсайды. Капиталды көп қажет ететін жобаларға қатысты алаңдаушылық күшеюде. Табысы 450 млн теңгеден жоғарыларға салынатын "сән-салтанат" салығы - активтердің бір бөлігі үшін қосымша тұрақты төлем (жоғары сыныпты коммерциялық жылжымайтын мүлік және т.б.), болмақ. Секторлық преференциялар үлкен көріністі өзгертпейді. Иә, әлеуметтік сала/АӨК жеңілдіктер алады, бірақ жаппай ШОБ — инвестициялық ағынның негізі — жоғары тұрақты мөлшерлемелерге ұрынады. Бұдан шығатын қорытынды: 2026 жылда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан үштітігінде Қазақстан ШОБ және бөлшек жобалар үшін бәсекеге қабілеті төмен юрисдикция болып табылады. Себебі, біріншіден, жоғары ҚҚС (16%), "айналым құнының" жоғарылығы (жеңілдетілгеннің өзі - 4%), көршілердегі 0,5%/1% сынды түбегейлі қарапайым және арзан режимдердің болмауы, бизнеске деген сенімнің төмендігі (рақымшылық/мораторий). Инвестор үшін бұл таза рентабельділіктің төмендігін және өнімнің түпкілікті бағасының айқынсыздығын (реттеушілердің араласуы) білдіреді. Күн кеше ғана Қырғызстаннан келдім. Барлық кездесулерден кейін талдау жасап, өзім қатты таң қалдым. Бөлісе отырыңыздар, мүмкін біздің үніміз жоғары жаққа жетіп қалар", деп сөзін түйіндейді Гүлбану Майғарина.
Бұған дейін сайтымызда "Алдынан жарылқасын!". Экономист елімізде бизнес геноциді жүргелі жатқанын ескертті" деген мақала жарияланған болатын. Сондай-ақ бізден "Сарапшы жаңа Салық кодексінің үш даулы тұсын атап өтті" деген материалды да оқи отырыңыздар.