Биыл қаңтардан қыркүйектің ортасына дейін педагогикалық саладағы медиандық ұсынылған жалақы 250 877 теңге болды. Бұл өткен жылғы деңгейден (240 622 теңге) 4,3% жоғары дейді HeadHunter сарапшылары, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жұмыс іздеушілер күткен медиандық жалақы 250 377 теңгені көрсеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2% көп. Осылайша, педагогтардың сұранысы мен жұмыс берушілердің мүмкіндіктері іс жүзінде сәйкес келіп отыр.
Медиандық жалақы – барлық жұмыс орындарын екі тең бөлікке бөлетін көрсеткіш: 50%-ы осы мөлшерден төмен, ал қалған 50%-ы жоғары төленеді.
Сарапшылардың дерегінше, жарияланған бос орындар саны 7,7%-ға өскен. Бұл білім беру саласында мамандарға деген сұраныстың артқанын көрсетеді. Ал түйіндемелер саны керісінше, 1,4%-ға азайған. Соның нәтижесінде бәсекелестік индексі 5,9-ға түсті: енді бір бос орынға шамамен алты үміткерден келеді.
Ең көп бос орындар мен түйіндемелер Алматы мен Астанаға тиесілі. Алматыда жұмыс берушілердің медиандық белсенділігі 7%-ға, Астанада 15%-ға өскен. Таразда бос орындар саны 34%-ға артса, Ақтауда керісінше 19%-ға төмендеген.