Мосбиржа Қазақстан қор биржасы акционерлері құрамынан шығатын болды

Кәмшат Тілеухан 11 қаз. 2024 15:11 2744

Мосбиржа Қазақстан қор биржасы (KASE) акционерлері құрамынан шығатын болды. Бұл туралы 11 қазанда өткен брифинг барысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мосбиржа KASE акционерлерінің құрамынан шығады деген шешім қабылданды және оны Мосбиржадағы әріптестер қолдады. Мен мұны дұрыс қабылданған кәсіби шешім деп айтар едім", - деді Тимур Сүлейменов

Сондай-ақ ол бұл шешім серіктестік негізінде қабылданғанын айтты.

"Шынында да, бүгінгі таңда KASE - бұл жеке акционерлік қоғам. Менің ойымша, біздің ондағы үлесіміз 46 немесе 47% болады, яғни олардың атынан сөз алуға менің құқығым жоқ. Мен мажоритарлы акционер емеспін, бірақ, сонымен қатар ең бастысы да емеспін", - деді ол.

KASE акцияларын сатып алу бойынша келіссөздер 2024 жылдың маусымында, Мосбиржа санкцияға ұшырағаннан кейін басталды. Мосбиржа  KASE акциясының 13,1%-ына ие, ал өзге акционерлер қатарында ҚР Ұлттық банкі (46,9%), Halyk Group (9,3%), "Көммеск-Өмір" (7,6%) де бар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар