Іссапар Ақмола облысында орналасқан «Еңбек» ЖШС-нің алқаптарын аралаудан басталды.
Республикадағы көктемгі егіс аумағы 18,4 млн.га деңгейде болжануда. Ағымдағы жылдың 26 мамырдағы жағдай бойынша республикада дәнді дақылдар 9,4 млн. га, майлы дақылдар – 1,6 млн. га, көпжылдық өсімдіктер – 261 мың. га, көкөніс-бақша дақылдары – 200,6 мың.га, картоп – 166,8 мың.га, қант қызылшасы – 10,9 мың.гажәне мақта өсімдігі – 105 мың. га алқапта егілді.
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруға екінші деңгейлі банктер мен «Казагро» холдингінің еншілес ұйымдары арқылы 60 млрд. теңге бюджеттік несие бөлінді. Осы жылдың 20 мамырына дейін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 36 млрд. теңге,«Азық-түлік келісім шарт» АҚ арқылы форвардтық астық сатып алуға – 9,8 млрд. теңге және ЕДБ арқылы - 1,4 млрд.теңгекөлемінде қаржыландыру іске асырылды.
Министрдің жұмыс сапары Солтүстік Қазақстан облысының «Петерфельд Агро» и КТ «Зенченко и К» шаруашылықтарын аралаумен жалғасты.
АӨК Мемлекеттік инспекциясы комитетінің мәліметіне сай СҚО қолдағы бас астықтың көлемі 2022,9 мың тоннаны құрайды. Лицензияланған астық сақтау қоймаларында 753,9 мың тонна, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінде 1261,36 мың тонна, диірмен зауыттарында 7 мың тоннадан аса астық бар.
Жер реформасына қатысты сұрақтарды түсіндіру үшін Министр облыстың Қоғамдық кеңес өкілдерімен кездесті. Министр арнайы құрылған республикалық жұмыс комиссиясымен әзірленген ұсыныстарды бұқара арасында жан-жақты түсіндірудің маңыздылығын атап өтті.
Іссапардың екінші күні Қостанай облысының ауыл шаруашылығы алқаптарын аралаумен жалғасты. Аймақта егіс науқаны жүріп жатыр. Осы жылы өңірде ауыл шаруашылығы дақылдары 5155,4 мың.гектар, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 4107 мың. га жерді қамтыды.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен 2016 жылы минералды тыңайтқыштардың бағасын арзандатуға 14,5 млрд.теңге қарастырылған болса, ал Қостанай облысымен аталмыш бағытқа 4 млрд.теңге бөлінген.
Маркетингтік жыл басынан бастап ( 2015 жылдың 1 шілдесінен) 2016 жылдың 26 мамырдағы жағдай бойынша ұнды қоса есептегенде экспортқа 7,6 млн тонна астық жөнелтілді, оның ішінде астық – 4,9 млн. тонн, ұн -1,8 млн. тонна, мұнымен астықтың экспорттық әлеуеті 92,5 %-ға орындалып отыр.