Мыңжылдық тарихы бар Алматының кішкентай тұрғындары қаланы ардақтады

Dalanews 28 сәу. 2016 01:22 1044

Алматының мыңжылдығы қазір кең көлемде аталынып өтіп жатқаны белгілі. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мыңжылдық тарихы бар «Алматының даму бағдарламасы – 2020» кешенді жобасын қаланың өткен тарихы мен келешегін жан-жақты зерттеп, тұрғындарымен кеңесе отырып, жүзеге асыруға ден қойғаны белгілі. Алматының мыңжылдық тарихын жас ұрпақтың санасына құйып, елжанды азамат қылып тәрбиелеу – маңызды бағыттардың бірі десек, артық айтқандық болмас еді. Таяуда Алматы қаласы Жетісу аудандық білім бөліміне қарасты №102 балабақшасында «Алматы қаласына 1000 жыл» деген ашық сабақ болып өтті.

Kalamendala sad.jpg02Кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов «ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген қанатты сөзді бекер қалдырып кетпегені анық. Ата сөзін ардақтайтын №102 балабақшасының тәрбиешісі Бақыт Қарымсақова өзі жетекшілік ететін топ бүлдіршіндерінің қатысуымен маңызды шара ұйымдастырып, жас жеткіншектерге Алматы қаласы жайында қызықты мәліметтерін ұсынып, балаларды отаншылдыққа тәрбиелегеніне куә болдық.

 

Қазіргі таңда баланы балабақшадан тәрбиелеп, өнегелі азамат қылып шығару – еліміз үшін басым бағытқа айналып отырғаны анық. Отанды сүю, туған жерге тағзым етуді жас жеткіншектерге балабақшадан үйрететін болсақ, еліміздің болашағы жарқын болатыны сөзсіз. Осы бір қағиданы мықтап тұрып ұстанған Бақыт Қарымсақова Алматы қаласының мыңжылдық тарихын темірқазық етіп алып, бүлдіршіндердің бойына отаншылдық дәнін сепкені ата-аналар мен балабақша басшылығының көңілінен шыққаны анық.

Kalamendala sadӨз кезегінде бүлдіршіндерге ашық сабақтың шымылдығын әнмен ашып, өз өнерлерін көрсетті. Бұдан кейін бүлдіршіндердің тәлімгерлері балаларға Алматы қаласының әсем табиғаты жайында әңгімелеп берді. Шара барысында тәлімгер бүлдіршіндерден Алматының қандай көрікті жерлері бар екенін сұрап, олардың туған қаласы жайындағы таным-түсінігінің артуына ықпал еткеніне куә болдық. Шараға белсене қатысқан бүлдіршіндердің жүрек түкпірін жарып шыққан сөздерінен Алматының әсем табиғаты, көкпен таласқан биік таулары қатты қызықтыратынын байқадық. Ашық сабақ барысында балалар Алматы қаласы жайындағы өлеңдерін кезек-кезегімен айтып, ашық сабақты тамашалауға жиналған қауымның көңілін бір серпілтіп тастады.

Айнұр ЖҰМАХАН

 

 

 

 

 

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар