Мейрамбек Бесбаев жас әнші Еркеш Хасенге көлік алып берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жақсы жаңалықты Еркеш Хасен әлеуметтік желіде бөлісті. Әншінің айтуынша, көлікке ие болуы күтпеген жерден болған.
Ол жобалардың бірінен кейін үйіне қайтпақ болғанда Мейрамбек Бесбаев көлігі бар-жоғын сұраған. Еркеш Хасен такси шақырғанын айтқан. Келесі күні Мейрамбек Бесбаев одан көлігі жоқ екенін нақтылап сұрап, бағдарлама аяқталған соң бөлмесіне шақырған.
Сол жерде ол жас әншінің жағдайын жүрегіне жақын қабылдағанын айтып, картасының нөмірін қалдыруын сұрап, жақын күндері көлік алуға көмектесетінін жеткізген.
"Мен үшін үлкен сый, үлкен құрмет. Аллаға шүкір, бүгін Мейрамбек Бесбаев ағам көлік сатып алып берді", - деді Еркеш Хасен.
Желі қолданушылары әншіні құттықтап, ізгі тілектерін жаудырып жатыр.
"Еркеш інім, құтты көлік болсын", "Аллаһ берекесін жаудырсын", "Көлік құтты болсын!" - деді олар.
