Мемлекетке миллиондаған теңге залал келген: ШҚО-да заңсыз схемаға Кірістер басқармасының қызметкері қатысқан

Мемлекетке миллиондаған теңге залал келген: ШҚО-да заңсыз схемаға Кірістер басқармасының қызметкері қатысқан
gov.kz

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Усть-Каменогорск инерт" ЖШС атынан жалған шот-фактуралар рәсімдеумен айналысқан бір топ адамның заңсыз әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тергеу амалдарына сай 2023 жылғы маусым-қыркүйек аралығында күдіктілер азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша міндетті орындау ниетінсіз, ауыр техникаға арналған қосалқы бөлшектер жеткізілгені туралы жалған бухгалтерлік құжаттарды жүйелі түрде рәсімдеп отырған.

Бұл құжаттар арқылы олардың серіктестері корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын қосқанда, салық төлеуден заңсыз жалтарған.

Заңсыз схемаға Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері де қатысқан. Ол салық бақылауынан кедергісіз өту үшін қажет жалған құжаттарды рәсімдеуге көмектескен.

Қолма-қол ақшаға айналдырылған қаражаттың жалпы көлемі - 356 млн теңге. Мемлекетке төленбеген салық түрінде 91 млн теңгеден аса залал келген.

Сот санкциясымен күдіктілердің 3 пәтері мен бір көлігіне тыйым салынды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.