Мемлекет Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының 50%-ын жекеменшікке бермек

Қаракөз Амантай 17 нау. 2025 17:48 368
©Фото: ГосАрхив

Билік Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының жартылай жекешелендіруін жоспарлап отыр, деп хадарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін Шымкент мұнай өңдеу зауытының 50%-ы жеке компанияға өткен болатын.

АЗРК төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметовтің айтуынша, бұл шешім жекешелендіруге ұсынылған 500 кәсіпорынның тізімін қалыптастыру аясында қабылданған. Агенттік өкілдерінің пікірінше, жеке меншік басқару өндірістің тұрақтылығын арттырып, апаттардың санын азайтуға ықпал етеді. Бұл үрдіс Шымкент мұнай өңдеу зауытының тәжірибесінен байқалып отыр.

Бұған дейін “Самұрық-Қазына” қорының басшысы Нұрлан Жақыпов мұнай өңдеу зауыттарын жекешелендіру мүмкіндігі туралы сұраққа нақты жауап бермеген еді. Енді билік бұл жоспарларын ресми түрде растады, алайда алдағы келісімдердің егжей-тегжейі әлі жарияланған жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар