Мексикада зорлық-зомбылық күшейіп, кемінде 14 адам қаза тапты

Көркем Алдабергенова 23 ақп. 2026 15:03

Мексикада Халисконың жаңа ұрпақ картелі жетекшісі Немесио Осегера Сервантес ұстау операциясы кезінде тапты. Артынша елде зорлық-зомбылық өршіп, кемінде 14 адам мерт болды. Бұл туралы Associated Press мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қаза тапқандардың арасында Мексиканың Ұлттық гвардиясында қызмет еткен жеті әскери бар. Адам өліміне әкелген оқиғалар Халиско, Мичоакан және Гуанахуато штаттарында тіркелген.

Бұған дейін Мексиканың Қорғаныс министрлігі операцияның негізгі мақсаты Осегера Сервантесті тірідей ұстау болғанын мәлімдеген. Алайда әскерилер штат астанасы Гвадалахара қаласының оңтүстік-батысында картель мүшелерімен атысқа түскен. Ауыр жараланған Осегераны әуе жолымен Мехикоға жеткізуге әрекет жасалғанымен, ол ұшу кезінде көз жұмған.

Осыдан кейін картель мүшелері жолдарды жауып, көліктерді өртей бастаған. Мексиканың көлемі жағынан екінші ірі қаласы саналатын Гвадалахара бір тәулікке жуық іс жүзінде қоршауда қалған. Ал америкалық зейнеткерлер арасында танымал курортты қала Пуэрто-Вальяртада да көліктерді өртеу деректері тіркелген.

 
 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove