Мәскеудегі қазақ лоббиі Қазақстан мен Ресей арасындағы климаттың жылы және тұрақты болуына мүдделі. Себебі, Ресейде қазақ олигархтарының үлкен инвестициялары мен бизнестері бар. Владимир Соловьев сынды Z-пропагандистер екі жақты бизнес аһуалға тек қана кедергі келтіруде. DALA INSIDE дереккөзінің сөзінше, ол үлкен қаржылық топтарға ұнамай отыр.
«Жабық есік жағдайында талқыланды. Осы аптада Кремльге жақын олигарх Сулейман Керимов арқылы Владимир Соловьевке Қазақстанға мүлде тиіспеуін сыпайы түрде ескертуі тиіс. Соловьев ақылға көнбесе, Тигран Кеосаян сценарийін қайталап, Соловьевті өмірден «аластатып» жіберу вариантын қарастыруы мүмкін. Бірақ бұл ең ақырғы нұсқа. Оған дейін жеткізбейтін сияқты. Пропагандист Сулейман Керимовтен қатты қорқады», - дейді, дереккөз.
Қазақстандық капиталдың Ресейдегі негізгі активтері банк саласынан қонақүйлер желісіне дейін созылып, өте ауқымды империяны құрайды. Азия-Тынық мұхит банкі Нұрсұлтан Назарбаевқа, The Carlton, Mövenpick, Pana отельдер желісі Болат Өтемұратов пен Қайрат Итемгеновке тиесілі. Сонымен бірге қазақ акционерлері КАМАЗ бен ГАЗ өндірістік топтарында өз үлестерін ұстап отыр. Осы капитал үшін Қазақстан мен Ресейдің арасы тыныш болып, түрлі саяси ойындардан аулақ жүргені тиімді. Себебі олар әзірбайжан бизнесінің Мәскеуде біршама позициясынан айрылып қалғанын өз көзімен көрді. Мәскеулік пропагандистер анда-санда Қазақстанға тиісіп тұруды әдетке айналдырған.
Кеосаян, Симоньян, Мардан, Федоров, Соловьевтар 2022 жылдан бері бұл тақырыпта тым еркінсіп кетті. Кейбір кезде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі нота жолдап жүрді. Мұндай саяси интригалар бизнеске де ұнамайды. Себебі, инвестициялық ахуал нашарлап, капиталдың қауіпсіздігіне қатер төнеді. Сол себепті Соловьев мәселесі осы аптада шешілуі тиіс.
