Мәскеуде Лавров қазақстандық әріптесінің тегін шатастырып айтты

Мәскеуде Лавров қазақстандық әріптесінің тегін шатастырып айтты
видео кадры

22 қазан күні Мәскеуде Ресей мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Ермек Көшербаевтың бірлескен баспасөз мәслихаты өтті. Іс-шара екі ел басшыларының келіссөздерінен кейін ұйымдастырылған болатын, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жиынның басында Лавров әріптесінің тегін қате айтып, сөзін былай бастаған:

"Құрметті ханымдар мен мырзалар, біз Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Бидэлбаевич Көшербаевпен келіссөздер жүргіздік. Келіссөздер ашық әрі конструктивті өтті", – деді ол.

Алайда Қазақстан сыртқы істер министрінің аты-жөні орыс тілінде – Кошербаев Ермек Беделбаевич.

Айта кетейік, Ресейдің жоғары лауазымды тұлғаларының қазақстандық саясаткерлердің есімдері мен тектерін шатастырып айтуы бұл бірінші рет емес. Бұған дейін Владимир Путин де президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атын бірнеше рет қате атаған болатын.