Мәскеу Қазақстан тұрғындарына өзінің туристік әлеуетін таныстырды

Dalanews 27 там. 2022 09:09 720

Мәскеу қаласының Туризм жөніндегі комитеті Қазақстандағы роуд-шоу аясында 24 тамызда Алматы қаласында Ресей астанасының туристік әлеуетін таныстырды.

Іс-шара аясында Мәскеу туристік бағыт ретінде көрсетілді, сондай-ақ Мәскеудегі DMC компаниялардың, орналастыру нысандары мен қаланың көрікті жерлерінің өкілдерімен B2B түріндегі кездесулер өткізілді.

Іс-шараны өткізудің басты мақсаты – қазақстандық саяхатшылардың мәдени ерекшеліктері мен қажеттіліктерін есепке ала отырып, Мәскеу бойынша арнайы туристік форматтар құру.

Мәскеу – заманауи, ашық және қонақжай, демалу үшін де, іскерлік сапарлар үшін де тартымды қала. Әлемдік деңгейдегі осы заманауи мегаполистің инфрақұрылымында әрбір қала тұрғыны мен қонақтың өзін
қауіпсіз әрі жайлы сезінуіне жағдай жасалған, ал 900 жылға жуық тарихы мен мәдени мұра нысандарының көптігі жылдың кез келген уақытында жанға жайлы демалыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.



Қазақстандағы роуд-шоу Қазақстан мен Ресейдің туристік саласы өкілдерінің байланыстар орнатуына және жаңа өнімдермен танысуына тамаша себеп болды. Бұған дейін Мәскеу қаласының Туризм жөніндегі комитеті
Беларусь және Әзірбайжан сияқты ТМД-ның басқа елдерінде де роуд-шоу өткізген болатын.

Мәскеу – танымал туристік бағыт қана емес, сонымен қатар көптеген туристік рейтингінің көшбасшысы болып отырған қала. 2021 жылғы қыркүйектегі әлемдегі ең жақсы 100 қаланың рейтингісінде Ресей астанасы төртінші орынға ие болды.


Ресей астанасы Токио, Дубай, Сингапур, Барселона және Лос-Анджелес сияқты мықты бәсекелестерден озып кетті. Сондай-ақ өткен жылы Мәскеу мәдени мұраны зерттеудің және қысқа сапарлардың ең жақсы бағыты ретінде беделді халықаралық туристік World Travel Awards сыйлығының екі номинациясын жеңіп алды.

Мәскеу қаласының Туризм жөніндегі комитеті – астанадағы туризм мәселелеріне жетекшілік
ететін Мәскеу Үкіметінің құрылымындағы ұйым.

Жергілікті қонақжайлылықтың бренд-менеджері ретінде Туризм жөніндегі комитет әлемнің түкпір-түкпірінен туристер тартады, оларға қаланың мүмкіндіктері мен қызықты орындары туралы айтып береді, сонымен қатар
заңнамалық, қаржылық және жобалық бастамалар арқылы астаналық туристік бизнеске қолдау көрсетеді және дамытады

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар