Мәсімовтің серігі композитор Арман Дүйсеновті алдағаны үшін сотталды

Көркем Алдабергенова 06 қар. 2025 11:14

Алматыда әнші Индира Елеместің бұрынғы күйеуі және ҰҚК-нің экс-басшысы Карим Мәсімовтің әкесі Қажымхан Мәсімовтың серіктесі болған Кәлелхан Иманмәди алты жылға сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz Nege.kz-ке сілтеме жасап. 

Ол Мәсімовтер отбасымен бірге «Мәсімовтің сауықтыру орталығын» (кейін «Раяна» деп өзгертілген) басқарған. Бұл орталық медициналық тест-жолақтарды ауруханаларға жеткізумен айналысқан. Иманмәди Мәсімовтермен бірге қоғамдық шараларда жиі көрінетін.

Композиторды алдау ісі

Іс материалдарына сәйкес, алаяқтықтың бір эпизоды марқұм композитор Арман Дүйсеновке қатысты. 2018 жылы Дүйсенов Иманмәдиге 20 мың фунт стерлинг (шамамен 9 млн теңге) берген. Бұл қаражат қызының Лондонда оқу мен тұру ақысын төлеуге арналған. Иманмәди төлемді өз орталығы арқылы өткізуге ұсыныс жасап, «салықтық тәуекелдерді болдырмау үшін» деп түсіндірген. Бірақ университетке ақша толық түспеген.

Иманмәди композитор мен оның жұбайына шоттарының «уақытша бұғатталғанын», ал қаражаттың «тұрып қалғанын» айтқан.

Кейін оқу орны қызының оқудан шығарылатынын ескерткен соң, Дүйсенов тағы төлем жасауға мәжбүр болған, бұл жолы да сол адам арқылы. Бұдан бөлек, марқұмның жұбайының айтуынша, отбасы оған келесі оқу жылы үшін 22 млн теңге, ал Түркиядан пәтер алу үшін 37 млн теңге берген. Жалпы шығын 66,7 млн теңге деп бағаланған.

Сот шешімі

Сотта Иманмәди өз кінәсін мойындамады. Ол композитордан ақша алмағанын айтып, оқудың бір бөлігін өзі төлегенін жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, бұл екі тараптың «өзара көмегі» болған, себебі композитор оның әйеліне және ұлына продюсерлік еткен.

Алайда сот айыптаудың көп бөлігін дәлелденбеген деп танып, нақты шығынды 7,3 млн теңге көлемінде анықтады. Осы соманы Иманмәди композитордың жесіріне өтеп беруге міндеттелді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар