Мәсімов 20 жыл бойы қай заңды қабылдатпай тастаған?

Көркем Алдабергенова 12 нау. 2024 14:22 8260

Қазақстанда жеке детективтердің жұмысын лицензиялау ұсынылды. Қазақстандық шенеуніктер 20 жыл бойы қарастырмаған заң жобасы қабылдануы мүмкін, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сарапшылардың сөзінше, Қазақстанда кемінде 20 детектив агенттіктері бар. Олардың қаншасы жеке детектив екені белгісіз. Көбі келісімшартпен жұмыс істейді. Олар жоғалып кеткен немесе ьтығылып жүрген адамдарды іздеп, ақпарат жинаумен айналысады.

Сарапшылардың пікірінше, жеке детективтерге заң жүзінде дәлелдемелерді жинауға құқық берілсе, бұл қылмысты тергеудің сапасын арттырады. Көптеген елдерде жеке детективтер заң саласында ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келе жатыр. Елімізде тиісті заң жобасы үкімет деңгейінде жасанды түрде қабылданбай тастаған. Бұл туралы профессор, полковник Арыстан Ақпанов дөңгелек үстел барысында айтты. Оның үстіне заңның қажеттігі туралы нұсқау экс президент Назарбаевтың жолдауында болғаны да ескерілмеген.

"Бұл заң 20 жыл бұрын парламентте болған, бірақ еш еленбеді. Қарсы шыққандар болды. Барлық мемлекеттік орган бұған қарсы болды. Өте өзекті проблема болған. Ол кезде үкіметті Мәсімов басқарған. Мәсімов бұл заңның қабылдануына түбегейлі қарсы болған адам", - дейді профессор Ақпанов.

Профессор бұл заңды қабылдау – қарапайым азаматтарға пайдалы болатынын айтады.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар