Мақтау мен даттауды алдамыз

Dalanews 19 нау. 2017 08:40 705

Магистратурада мықты шығыстанушы Санат Кушкумбаев ағамыз сабақ берді. Ол кісінің тезисі бойынша Корея, Жапонияның IT технологияда алға шығуына олардың күріш өсіру мәдениеті де әсер етіпті. Себебі екеуіне де үлкен шыдамдылық, ұсақ детальмен жұмыс істеу қабілет керек екен.

Біздің көшпелі мәдениетіміздің жемісі – суырып салма ақындық, айтыс, көкпар. Себебі ат үстіндегі адамға шыдамдылықтан көрі қызбалық, аяқ асты тапқырлық, белсенді дене қимылы қажет деп ойлаймын.

Осы қанға сіңген әдет біраз адамның пост жазуынан көрініп жатады. Мақтаса, адамның астына кемі он көпшік қояды, сынаса, жер жебіріне жеткізеді. Баланс сақтап, аттың басын тарта алмай қаламыз. Негізі ішкі цензура, критическое мышление деген адамға пайдасын тигізбесе, зияны жоқ-ау...

 



Нұрмұхамед Байғараев

(жазба автордың «Фейсбуктағы» парақшасынан алынды)

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар