Маңғыстауда аман қалған сарбаздың жағдайы белгілі болды

Маңғыстауда аман қалған сарбаздың жағдайы белгілі болды
видео кадры

Маңғыстау облысында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде аман қалған жалғыз сарбаздың қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

2007 жылы туған әскери қызметкер Ақжол Теміралиев қайғылы оқиғадан кейін ауруханаға жеткізілген.

Блогер Азамат Сәрсенбаевтың әлеуметтік желідегі мәліметінше, сарбаздың жағдайы тұрақты. Ол өздігінен жүріп-тұрады, тамақтанады және сөйлесе алады.

Дәрігерлер қажетті ем-дом шараларын толық жүргізген. Енді Ақжол Теміралиевті оңалту және қалпына келтіру кезеңі күтіп тұр.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болған. Теңізге ағып кеткен 17 әскери қызметкердің 12-сі қаза тапты, үшеуі құтқарылды. Тағы екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Осыған байланысты 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. 

Маңғыстаудағы трагедия: қаза тапқандардың тізімі жарияланды, екі адам әлі іздестіріліп жатыр

Қайғылы оқиғаға қатысты 12 сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, трагедияға байланысты күдіктілер анықталды.