Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту үшін жылдық мөлшерлемесі 6% болатын жеңілдетілген несие бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды Dala News.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бұл бастама Мемлекет басшысының мал басын көбейту, өнімділікті арттыру, өңдеуді дамыту және экспорттық әлеуетті күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында әзірленген.
Бағдарлама 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде іске асырылып отыр.
Жеңілдетілген несиенің негізгі шарттары:
•жылдық мөлшерлеме – 6%;
•саланың ерекшеліктерін ескеретін икемді несиелеу мерзімі;
•қаржыландыруды «Аграрлық несие корпорациясының» филиалдары, кредиттік серіктестіктер және екінші деңгейлі банктер арқылы алу мүмкіндігі.
Бөлінген қаражат ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға және бордақылау алаңдарын дамытуға бағытталады.
Министрлік бұл бағдарлама аграршыларға мемлекеттік қолдауды күшейтіп, Қазақстанда мал шаруашылығының дамуына жаңа серпін береді деп күтуде.
