Freedom Inside '26

Мәжіліс депутаты жалғыз ұлын әскерге шығарып салды

Мәжіліс депутаты жалғыз ұлын әскерге шығарып салды

Ақтауда күзгі шақырылым бойынша әскерге аттанатын сарбаздарды шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz Otpannews.kz-ке сілтеме жасап.

Салтанатты шарада 25 жас сарбазды туған-туыстары қимастықпен шығарып салды. Сонымен қатар, қала әкімі Әбілқайыр Байпақов пен Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева өз тілектерін білдіріп, сарбаздарға сәт-сапар тіледі.

“Отан алдындағы борышты өтеу – әр азаматтың қасиетті міндеті. Әскерге алынған сарбаздарға ақ жол тілейміз. Ата-анаңыздың үмітін ақтап, елге аман-есен оралуыңызды тілейміз,” – деді Әбілқайыр Байпақов.

Ақтаудан әскерге шақырылғандардың бірі – Алихан Гасанов. Оның анасының айтуынша, әр азамат үшін Отан алдындағы борышты өтеу – маңызды міндет.

“Кез келген елдің тәуелсіздігі мен егемендігін қорғайтын – мемлекет әскері. Әскердің арқасында ел шекарасы тыныш. Бүгін мен үшін ерекше күн, жалғыз ұлымды әскерге аттандырып отырмын. Бұл – мен үшін үлкен шешім,” – деп бөлісті ата-аналар атынан сөз алған Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева.